«9 қазанды асыға күтемін». Әлімханұлы аргентиналық «сиқыршымен» жекпе-жегі жайлы
![«9 қазанды асыға күтемін». Әлімханұлы аргентиналық «сиқыршымен» жекпе-жегі жайлы](https://prosports.kz/upload/news/content//202010/203991_9bb35f30831c3b2876eea52a6c42af65.jpg?v=28641758)
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегіне дейінгі көңіл-күйімен бөлісті. 9 қазанда Лас-Вегаста оған «Сиқыршы» лақап атымен танымал аргентиналық Гонсало Кориамен (16-3, 6 КО) қарсылас болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен рингке ұзақ уақыт бойы шықпадым және оралуға асықпын. Бадди Макгиртпен және спарринг-серіктестермен тамаша жаттығу лагерін өткіздім. Бұл менің жақын аралықта өтетін әлемдік титулдық жекпе-жекке дайындықтағы келесі қадам. Өз жанкүйерлеріме қазақ стильін көрсету үшін 9 қазанды асыға күтемін», - деп мәлімдеді 27 жастағы қазақстандық боксшы Badlefthook.com сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Top Rank промоутерлік компаниясы Әлімханұлы қатысуымен өтетін жекпе-жекті ресми жариялады.