Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар Лигасының алдағы ойындарына шақырылған футболшылардың тізімдерін жариялады, деп жазады Prosports.kz сайт ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиыны 5 қазанда басталады. 11 қазанда Алматының Орталық стадионы алаңында Қазақстан құрамасы Албаниямен ойнайды, ал Қазақстан уақытымен 14 қазаннан 15-не қараған түні Михал Билек шәкірттері Беларусь құрамасымен кездеседі.

Алдағы ойындарға шақырылған футболшыларды жаттықтырушылар құрамы екі тізімге бөледі - негізгі және резервтік

Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамы

Қақпашылар: Стас Покатилов (Қайрат), Дмитрий Непогодов (Астана), Владимир Плотников (Ордабасы);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков (Астана), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де - Қайрат), Марат Быстров (Ахмат, Ресей), Ян Вороговский (Бершот, Бельгия), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де) - Тобыл), Александр Марачкин (Қайсар), Олжас Керімжанов (Жетісу), Тимур Досмағамбетов (Ордабасы);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан (Әл-Айн, БАӘ), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат (Химки, Ресей), Юрий Перцух (Астана), Айбол Әбікен (Қайрат), Асхат Тағыберген , Думан Нәрзілдаев (екеуі де - Қайсар), Владислав Васильев («Рух», Беларуссия);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов (Қайрат), Алексей Щеткин (Астана), Максим Федин (Қайсар), Айбар Жақсылықов (Жетісу).

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Қайрат Нұрдәулетов - бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Тимур Құсайынов - сарапшы, Тадеуш Переход - дәрігер, Евгениий Карнаухов - массажист, Алексей Гудзев - массажист, Дмитрий Николаев - массажист, Максим Шауберт - менеджер, Төлеухан Көлдіков - матч-менеджер, Мұратбек Биманов - медиа-офицер, Владимир Фрайнд - видеооператор.