Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылардың тізімі жарияланды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар Лигасының алдағы ойындарына шақырылған футболшылардың тізімдерін жариялады, деп жазады Prosports.kz сайт ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу жиыны 5 қазанда басталады. 11 қазанда Алматының Орталық стадионы алаңында Қазақстан құрамасы Албаниямен ойнайды, ал Қазақстан уақытымен 14 қазаннан 15-не қараған түні Михал Билек шәкірттері Беларусь құрамасымен кездеседі.
Алдағы ойындарға шақырылған футболшыларды жаттықтырушылар құрамы екі тізімге бөледі - негізгі және резервтік
Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамы
Қақпашылар: Стас Покатилов (Қайрат), Дмитрий Непогодов (Астана), Владимир Плотников (Ордабасы);
Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков (Астана), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де - Қайрат), Марат Быстров (Ахмат, Ресей), Ян Вороговский (Бершот, Бельгия), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де) - Тобыл), Александр Марачкин (Қайсар), Олжас Керімжанов (Жетісу), Тимур Досмағамбетов (Ордабасы);
Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан (Әл-Айн, БАӘ), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат (Химки, Ресей), Юрий Перцух (Астана), Айбол Әбікен (Қайрат), Асхат Тағыберген , Думан Нәрзілдаев (екеуі де - Қайсар), Владислав Васильев («Рух», Беларуссия);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов (Қайрат), Алексей Щеткин (Астана), Максим Федин (Қайсар), Айбар Жақсылықов (Жетісу).
Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Қайрат Нұрдәулетов - бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Тимур Құсайынов - сарапшы, Тадеуш Переход - дәрігер, Евгениий Карнаухов - массажист, Алексей Гудзев - массажист, Дмитрий Николаев - массажист, Максим Шауберт - менеджер, Төлеухан Көлдіков - матч-менеджер, Мұратбек Биманов - медиа-офицер, Владимир Фрайнд - видеооператор.