Бельгияда «БинкБанк Тур» көпкүндік веложарысы басталды, деп жазады Prosports.kz.

Веложарысқа қазақстандық «Астана» командасы қатысып жатыр.

Бірінші кезеңде неміс велошабандозы Яспер Филепсен (UAE-Team Emirates) топ жарды. Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені Давиде Мартинелли көрсетті. Италиялық спортшы мәре сызығын 47-болып кесті.

«БинкБанк Тур», бірінші кезең (132.1)

  1. Яспер Филепсен (UAE-Team Emirates) – 2:59:26
  2. Мадс Педерсен (Trek-Segafredo)
  3. Паскаль Акерманн (BORA-hasgrohe)

…47. Давиде Мартинелли (Astana Pro Team)

Айта кетейік, бес кезеңнен тұратын жарыс 3 қазанда Голландияда аяқталады.