«БинкБанк Тур»: Давиде Мартинелли бірінші кезеңде 47-орын алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБельгияда «БинкБанк Тур» көпкүндік веложарысы басталды, деп жазады Prosports.kz.
Веложарысқа қазақстандық «Астана» командасы қатысып жатыр.
Бірінші кезеңде неміс велошабандозы Яспер Филепсен (UAE-Team Emirates) топ жарды. Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені Давиде Мартинелли көрсетті. Италиялық спортшы мәре сызығын 47-болып кесті.
«БинкБанк Тур», бірінші кезең (132.1)
- Яспер Филепсен (UAE-Team Emirates) – 2:59:26
- Мадс Педерсен (Trek-Segafredo)
- Паскаль Акерманн (BORA-hasgrohe)
…47. Давиде Мартинелли (Astana Pro Team)
Айта кетейік, бес кезеңнен тұратын жарыс 3 қазанда Голландияда аяқталады.