Boxingnews24 басылымы неге қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен қарымта жекпе-жек өткізбейтінін түсіндірді.

– Деревянченко орта салмақта қалатын болса, титулдық жекпе-жекке шығуы екіталай. Чемпиондардың ешқайсысы соңғы төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңілген боксшымен жұдырықтасқысы келмейді.

Орта салмақтың чемпиондары Джермалл Чарло, Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Деметриус Андраде мен Риота Муратаның промоутерлері Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жек ештеңе бермейтінін жақсы түсінеді, - деп жазды журналист Шон Джонс.