Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий келесі жекпе-жегін 17 қазанда Дюссельдорфта (Германия) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Boxrec порталының мәліметінше, Жан Кособуцкий 43 жастағы америкалық боксшы Стив Вукоспен жұдырықтасады. «Сыпайы алып» лақап атымен танымал боксшы тек бір ғана жекпе-жегінде жеңілген, ал 12 қарсыласынан басым түскен.

Қазақстандықтың қарсыласы 30 жастағы америкалық Джеймс Маккензи Моррисон болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жекте Жан Кособуцкий Минскідегі бокс кешінің андеркардында поляк Камил Соколовскийді нокаутқа жіберген болатын.