Біріккен күрес әлемі (UWW) 2021 жылғы жарыс күнтізбесін жаңартты. Жаңа күнтізбеге сәйкес, келесі жылғы Азия біріншілігі Алматыда ұйымдастырылады.

Ересектер арасындағы Азия чемпионаты 16-21 ақпан аралығында Алматыда өтеді.

Еуропа чемпионатын Катовица, Африка біріншілігін Марракеш, Панамерика чемпионатын Рио-де-Жанейро, Океания біріншілігін Паго-Паго қалалары қабылдайды.

Ал Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі Қытайдың Сиань қаласында, 26-28 наурыз күндері ұйымдастырылады.