УЕФА басшылығы ойында бес ойыншы алмастыру ережесінің алдағы маусымда сақталып қалатыны туралы шешім қабылдады.
Daily Mail-дің хабарлауынша, УЕФА басталған еурокубоктар маусымында аталған ережені сақтап қалуды жоспарлап отыр.
Алайда ағылшын Премьер-лигасының басшылығы командаларына 5 ойыншыны алмастыруға рұқсат етпейді.
Ағылшын клубтары бұрынғыдай 3 футболшыны ғана алмастыра алады.
Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясының әсерін жеңілдету үшін матчта бес ойыншы алмастыру ережесі 2020 жылдың мамырынан қолданыла бастады.
Комментарии