Франциялық «Ренн» футбол клубының қақпашысы Эдуард Менди «Челси» командасына ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы англиялық клуб ресми хабарлады.

«Челси»сенегалдық қақпашы үшін 24 млн еуроға шығындалды. Ойыншымен 5 жылға жарамды келісімшарт жасалды.

Айта кетейік, 28 жастағы қақпашы өткен маусымда «Ренн» сапында 33 ойынға қатысып, 31 гол өткізіп алды.