Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Страсбургте өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Рыбакина қытайлық Чжан Шуайдан басым түсті басым түсті. 59 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Рыбакина жапониялық Нао Хибиномен кездеседі. Жапон қызы екінші айналымда тағы бір қазақстандық Зарина Диясты жеңген болатын.

Айта кетейік, Хибино - Рыбакина кездесуі 25 қыркүйекте өтеді.