Қазақстандық теннисші Александр Недовесов француз Ромен Арнеодомен бірге Форлиде өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жұптық бәсекесінде жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов/Арнеодо жұбы ширек финалда босниялық Томислав Бркич пен сербиялық Никола Качичке есе жіберді.

Бір сағат отыз үш минутқа созылған кездесу 6:4, 7:6 есебімен аяқталды.