Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Страсбургте өтіп жатқан WTA турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы турда Рыбакина неміс спортшысы Грити Минненнен басым түсті. 1 сағат 31 минутқа созылған кездесу 5:7, 4:6 есебімен аяқталды.

Екінші айналымда Рыбакина Александрова - Сандерс жұбының жеңімпазымен матч өткізеді.

Айта кетейік, бұл турнирге тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс та қатысып жатыр.