Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Франция ашық чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко бұл кезеңде аргентиналық Андреа Коллариниді жеңді. 1 сағат 2 минутқа созылған кездесу 2:6, 1:6 есебімен аяқталды.

Екінші айналымда Попко Лако - Отте жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, «Ролан Гаррос» 21 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді.