16 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасының клубтарында коронавирусты жұқтырғандардың саны 43 адамды құрайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ҚХЛ-дағы кешегі жағдай бойынша клубтарда 43 адам ауырып жатыр, 121 адам сауығып шықты», - деп хабарлады журналистерге лиганың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Нұр-Сұлтанның «Барысы» мен Финляндияның «Йокеритінің» 6 ойыны кейінге қалдырылды.

Қазақстандық клубта 6 адам коронавирус жұқтырған.