Еуропа парламенті Еуроодақты Беларусь еліне қарсы санкциялар жариялап, 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге тыйым салуға шақырды.

– Еуропарламент ұлттық хоккей федерацияларын Халықаралық хоккей федерациясынан Беларусьтегі 021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын елдегі адам құқығы жағдайы түзілмейінше өткізбеуін сұрауға шақырады, - делінген мәлімдемеде.

Бұл шешім 9 тамызда Беларусьте президент сайлауынан соң басталған жаппай шерулерге қатысты қабылданып отыр. Еуроодақ елдері сайлау әділетсіз өтті деп санайды.