Қазақстан чемпионаты 6-турының кейінге қалдырылған матчында «Тобыл» мен «Ордабасы» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Алматыда өткен ойында көп күтпеген нәтиже тіркелді. Деңгейлес командалардың кездесуі 4:0 есебімен шымкенттіктердің пайдасына шешілді.

«Ордабасы» үшін бүгінгі ойын сәттілікке толы болды. Қостанайлықтар екінші таймда қайта-қайта қателесті. Екінші таймдағы үш гол да «Тобыл» ойыншыларының айқын қателігінен кейін соғылды.

Осы жеңісінен кейін шымкенттік команда 13 ұпай жинап, турнирлік кестеде бүгінгі қарсыласы «Тобылды» қуып жетті. Бірақ қостанайлықтардың «Ордабасыдан» екі ойыны кем.

Қазақстан чемпионаты. 6-тур

«Тобыл» - «Ордабасы» - 0:4 (0:1)

Гол соққандар: 0:1 – 20' Бриджидо, 0:2 – 61' Жоао Пауло, 0:3 – 88' Бадибанга, 0:4 – 90+3' Жаңғылышбай

«Тобыл»: Мокин, Канкава, Себаи, Аманович, Манзорро, Валиуллин, Мирошниченко, Нұрғалиев (к), Ерланов, Мужиков, Муртазаев.

«Ордабасы»: Плотников, Клещенко, Фонтанелло (к), Даутов, Досмагамбетов, Диакате, Махлангу, Бадибанга, Бриджидо, Жоао Пауло, Хижниченко.