16 қыркүйек күні Талдықорғандық клубтың жетекшілерінің бірі өзінің 42 жасын тойлайды.

Руслан Балтиев - Қазақстан футболының нағыз аңызы, ел тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі. Әлі күнге дейін Руслан Тахирұлы ұлттық құраманың үздік сұрмергені болып табылады, ол 73 матчта 13 гол соққан.

Балтиев төрт рет Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, ел кубогы мен Интертото кубогының иегері болды. Ол мансабында барысында бүкіл отандық жетекші клубтардың түстерін қорғады, сондай-ақ ресейлік командаларда да ойнады.

Руслан Тахирұлы мансабың аяқтағаннаң кейін УЕФА-ның «А» санатындағы жаттықтырушы лицензиясын алды, бірақ, ең алдымен, өзін менеджер рөлінде керемет көрсетті. 2017 жылы Балтиев «Жетісу» спорт директоры лауазымына тағайындалып, төртінші жыл өз жұмысын атқарып келеді.