«Атыраудың» нигериялық қорғаушысы мансабын Қазақстанда емес, түркиялық «Галатасарайда» жалғастыруы мүмкін болған, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы «Атыраудың» «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «мұнайшылардың» медиа-офицері жазды:

«Бір қызығы, Майкл Одибені бұған дейін түркиялық «Галатасарай» шақырған болатын. Иә, өтірік секілді естілетін шығар. Бірақ кейін Майкл маған түркиялық клубтың басшылығынан келген ресми құжатты көрсетті (ресми түрде шақырылған) – «Галатарасарай», расымен де, Одибені шақырған екен», - делінген хабарламада.

 

 

«Атырау» ФК-ның «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми тобынан