Одибе «Галатасарайда» ойнауы мүмкін еді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Атыраудың» нигериялық қорғаушысы мансабын Қазақстанда емес, түркиялық «Галатасарайда» жалғастыруы мүмкін болған, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Бұл туралы «Атыраудың» «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «мұнайшылардың» медиа-офицері жазды:
«Бір қызығы, Майкл Одибені бұған дейін түркиялық «Галатасарай» шақырған болатын. Иә, өтірік секілді естілетін шығар. Бірақ кейін Майкл маған түркиялық клубтың басшылығынан келген ресми құжатты көрсетті (ресми түрде шақырылған) – «Галатарасарай», расымен де, Одибені шақырған екен», - делінген хабарламада.
«Атырау» ФК-ның «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми тобынан