Қазақстандық Садриддин Ахмедов Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) қыркүйек айында жаңартылған рейтингінде орнын сақтап қалды.

Бірінші орта салмақта 26-шы сатыда тұрған Садриддин Ахмедов жаңартылған рейтингіде орнын сақтады. Ал осы салмақтағы Қанат Ислам рейтингінен шығып қалды.

Еске сала кетелік, Садриддин Ахмедов соңғы рет өткен жылдың 7 желтоқсанда Канадада өткізген. Сол кеште аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты нокаутпен жеңді.