Бокс

Қанат Ислам WBC рейтингінен шығып қалды

Қанат Ислам WBC рейтингінен шығып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) қыркүйек айында жаңартылған рейтингінен шығып қалды.

Бұған дейін бірінші орта салмақта 23-ші сатыда тұрған Қанат Исламға жаңартылған рейтингіде орын табылмады.

BoxRec хабарлағандай, Олимпиада ойындарының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған Қанат Ислам 16 қазан күні шаршы алаңға шығады. Бокс кеші АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Екі жыл бойы рингке шықпаған Қанат Ислам, 2019 жылы ол екі жекпе-жек өткізді: біріншісінде ол доминикандық Хулио Де Хесусты сөзсіз ұтса, екіншісінде африкалық Уолтер Каутондокваны даулы шешіммен жеңді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер