Иркутскіде өтеді деп жоспарланған допты хоккейден әлем чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты күшінен қалды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы Ресейдің спорт министрі Олег Матыцин хабарлады.

Турнир 5-11 қазан аралығында өтуі керек еді.

Бұған дейін АҚШ құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартқан болатын. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында Швеция мен Германия құрамалары коронавирус пандемиясына байланысты жарысқа келмейтіні туралы ақпарат тараған.