Бүгін ҚХЛ тұрақты чемпионатының аясында «Барыс» ЦСКА-ға қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Бір апта бұрын қазақстандықтар мен ресейліктер Мәскеуде ойнаған. Сол кезде ЦСКА 3:1 есебімен жеңген еді.

«Барыс» Юрий Михайлистің жаттықтыруымен ҚХЛ-да екі матчта жеңіп, үш рет жеңілді. Ал ЦСКА төрт ойында басым түсіп, маусым басында «Ақ Барстан» буллит сериясында жеңілген.

Қазір «Барыс» Шығыс Конференциясында 6-орында келеді, ал ЦСКА «Батыста» екінші орында тұр.

«Барыс» - ЦСКА матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды QazSport телеарнасы көрсетеді.