Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы «үздік бапкер», «үздік ойыншы» және «үздік гол» номинациялары бойынша тамыз айының мықтыларын таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚКФЛ-дың ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚКФЛ «Вконтакте» желісіндегі ресми парақшасында үздік голды анықтау үшін жанкүйерлер арасында дауыс беру өткізді.Онда ең әдемі жеті гол ұсынылған.

Үздік голды анықтауға 1 183 футбол жанкүйері қатысты. Соның нәтижесінде «Қайсар» капитаны Асхат Тағыбергеннің «Тобыл» қақпасын қақырата соққан голына 808 (68,3 %) жанкүйер дауыс берді.