русский язык

ҚПЛ-дың тамыздағы үздіктері

ҚПЛ-дың тамыздағы үздіктері
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы «үздік бапкер», «үздік ойыншы» және «үздік гол» номинациялары бойынша тамыз айының мықтыларын таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚКФЛ-дың ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚКФЛ «Вконтакте» желісіндегі ресми парақшасында үздік голды анықтау үшін жанкүйерлер арасында дауыс беру өткізді.Онда ең әдемі жеті гол ұсынылған.

Үздік голды анықтауға 1 183 футбол жанкүйері қатысты. Соның нәтижесінде «Қайсар» капитаны Асхат Тағыбергеннің «Тобыл» қақпасын қақырата соққан голына 808 (68,3 %) жанкүйер дауыс берді.

Тамыз айындағы үздік бапкерді таңдауды ҚПЛ-дың 11 бас бапкерінің еншісіне берілді. 10 жаттықтырушы «Қайрат» тәлімгері Алексея Шпилевскиге дауыс берсе, Беларусь маманы өзінің дауысын «Каспидің» бас бапкері Срджан Благоевичке берген.

Айта кетелік, «Қайрат» тамыз айында төрт матч өткізіп, бәрінде жеңіске жетті («Каспий» (3:0), «Тобыл» (3:1) және «Ордабасы» (3:1). Ал Еуропа лигасында еревандық «Ноадан» басым түсті.

Бас бапкерлер айдың үздік ойыншысын таңдады, оның нәтижесінде «Қайрат» шабуылшысы, бразилиялық Вагнер Лав үздік болып танылды.

36 жастағы форвард ҚПЛ-да екі гол соғып, екі нәтижелі пас берсе, Еуропа лигасында да қақпаны екі рет дәл көздеп, бір нәтижелі пас авторы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;