Футболдан Қазақстан чемпионатының 8-туры аясында өткен «Қайрат» - «Қайсар» матчының алдында тамыз айының үздік ойыншысын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ҚКФЛ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен өткен сауалнама қорытындысы бойынша, «Қазақстан чемпионатының тамыз айының үздік ойыншысы» номинациясын «Қайрат» командасының бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав жеңді. Ол 14 ұпай жинады.

Естелік жүлдені Вагнер Лавқа Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев табыстады.

Тамыз айында Вагнер Лав ел чемпионатында үш ойынына қатысып, 2 гол соқты және 2 ассист жасады. Сонымен қатар тәжірибелі шабуылшы алматылық клубтың УЕФА Еуропа лигасының аясында өткен алғашқы кездесуінде дубль авторы атанды.