«Вулверхэмптон» футбол клубы португалиялық жартылай қорғаушы Витор Феррейрамен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Феррейра «Порту» футбол клубының ойыншысы. Ол англиялық клубқа бір жылға жалға беріді. Келісімшартқа сай, «қасқырлардың» жыл соңында ойыншыны сатып алуға мүмкіндігі бар.

Витинья деген атпен танымал ойыншы «Вулверхэмптон» сапында 20-номермен өнер көрсетеді.

Осылайша, «Вулверхэмптон» клубында португалиялық футболшылардың саны 11-ге жетті.

Айта кетейік, өткен маусымда ол Португалия чемпионатында 15 матчқа қатысып, 8 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.