«Наполи» футбол клубының иесі Аурелио Де Лаурентис коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы италиялық клубтың ресми сайты хабарлады.

71 жастағы Де Лаурентиис сәрсенбі күні коронавирусқа қарсы тест тапсырған. Ал бейсенбіде оның анализі COVID-19-ға оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, тамыздың басында «Наполи» команданың футболшысы Андреа Петаньиден инфекция анықталған болатын.