Бүгін ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» қытайлық «Куньлунь Ред Стармен» ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клуб жаңа маусымда үш кездесу өткізді - 1 жеңіс және 2 жеңіліс. Юрий Михайлис шәкірттері маусымашар матчтарда Риганың «Динамосын» жеңіп (3:2), Минскінің «Динамосымен» кездесудің овертаймында жеңіліс тапса (4: 5 OT), ЦСКА-ға 1:3 есебімен жол берді.

Қытайлықтар жаңа маусымда үш ойында «Автомобилист», «Трактор» және «Металлургтен» жеңіліп қалды.

2019 жылы командалар 7 рет ойнады. «Барыс» 4 рет, «Қызыл жұлдыздар» 3 рет жеңіске жетті.

Шығыс конференциясында нұрсұлтандықдар 7-ші орында, ал «Куньлунь» 11-ші орынға жайғасқан.

Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да QazSport телеарнасынан тамашалауға болады.

Фото: «Барыс» ХК.