«Бейбарыс» хоккей клубының баспасөз қызметі команданың жаттығу жиынынан бейнематериал жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Атыраулық клуб Ақтөбеге аттанып, жергілікті «Ақтөбе» командасымен екі жолдастық матч өткізеді. Кездесулер 12 және 13 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, «Бейбарыс» Қазақстан чемпионаты аясындағы алғашқы екі матчын 19 және 20 қыркүйекте өз алаңында астаналық «Номадқа» қарсы өткізеді.