Қазақстандық файтер Гойти Дазаев (10-2) Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнирде өнер көрсетіп, сегізбұрышқа сәтті орала алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеуде Fight Nights Global және GFC бірлескен турнирінде Дазаев ресейлік Максим Буторинмен (15-2-1) кездесті. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды, Гойти Дазаев техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Төреші үшінші раундта Буториннің қабағы жарылып, қан тоқтамауына байланысты қатты жекпе-жекті тоқтатты.

Айта кету керек, Дазаев өткен жылдың қараша айынан бастап, октагонға шыққан жоқ.