Қазақстандық ауыр салмақтағы Дархан Бәкеновтың ресейлік Fight Nights Global промоушнындағы дебюті сәтті болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеуде Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнирде 30 жастағы Бәкенов (2-0) украиналық Владимир Брикпен (4-6) кездесті. Үш раундтық жекпе-жек бірінші раундтың екінші минутында аяқталды, Бәкенов қарсыласын нокаутқа түсірді.

Бұған дейін Arlan MMA Pro Team командасының тағы бір өкілі Азамат Маркабаев ресейлік Никита Балтабаевтан төрешілер шешімімен жеңілген еді. Бастапқы кардта тағы бір қазақстандық Сұлтан Жолдожбек (9-1) ресейлік промоушнде сәтті дебют жасады.