«Лионның» шабуылшысы Мемфис Депай «Барселонаға» ауысуға жақын.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, Нидерланд құрамасының шабуылшы келісімшартқа отыруға келісімін берген.

Енді «Барселона» «Лионмен» футболшыны сатып алу бойынша келісу қажет. Бұдан бөлек каталониялық команда «Ливерпуль» ойыншысы Джорджиньо Вейналдумға да қызығушылық танытып отыр.