Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду коронавирусқа байланысты шектеу шаралары бойынша пікірін білдірді.

– Алаң жиегінен жанкүйерлердің ысқырғаны ұнайды. Мұндай кезде бойыңды ерекше сезім билейді. Бірақ денсаулық бәрінен маңызды.

Дегенмен жанкүйерсіз ойын – клоуны жоқ цирк не гүлі жоқ бақ секілді, – деді футболшы.