Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) АҚШ-тағы өзінің тәлімгері Бадди МакГирттің жетекшілігімен жаттығу процесін жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бадди МакГирт өзінің инстаграммында Жәнібектің жаттығуынан видео жариялады.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 9 қарашасында Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) өткізіп, Нигерияда туылған канадалық боксшы Альберт Онолунозды (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas титулын сәтті қорғады.

Сондай-ақ, Жәнібек орта салмақтағы WBO Global чемпиондық белбеуіне ие.