Әйелдер боксынан Қазақстан командасы Алматы облысында жаттығу жиынына кірісті. Ерік Алғабек шәкірттері 4 қазанға дейін үздіксіз дайындалады.

- Оқу-жаттығу жиынына жалпы есебі 25 спортшыны шақырдық. Бапкерлер мен дәрігер және массажшыны қосқанда қатысушылар саны отызға жетіп жығылады. Команданың бірінші-екінші нөмірлі боксшыларынан бөлек, жастар командасында көзге түскен спортшылар да жаттығуда. Кеше медициналық тексеруден өтіп, арнайы тест тапсырып, көптен күткен дайындықты бастап кеттік.

Алғашқы аптада қыздарға көп ауыртпалық салмаймыз. Екінші-үшінші аптадан бастап дайындық күшейтіледі. Өкінішке қарай, қазанның басында Қазан қаласында өтуі тиіс Достастық кубогі өтпейтін болды. Халықаралық жарыстар да жаңа жылға дейін тоқтап тұр. Ал ел чемпионатын қараша айының соңына жоспарлап отырмыз. Елдегі ахуал дұрыс болса, біріншілік ұйымдастырылады. Карантин кезінде қыздар босаңсып кеткен жоқ. Бәрі де бабында, - дейді бас бапкер.