Moldfootball.com порталының мәліметінше қорғаушы Данил Кузнецов молдовалық «Зимбру» клубының қатарына қосылуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Данил Кузнецов - 20 жастағы қазақстандық қорғаушы. «Ертістің» жастар құрамында доп тебеді.

Ол сондай-ақ Қазақстанның «Ақсу» командасының намысын қорғады. Футболшы Қазақстан U-19 жастар құрамасына шақырту алды.