Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан футбол федерациясының басшысы қызметін атқарып жүрген ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы Давид Лория Беларусь құрамасына қарсы ойында (1:2) қателескен Гафуржан Сүйімбаевты сынның астына алуды доғаруды өтінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен барлық қазақстандық жанкүйерлерге айтқым келетіні - кеше жеңілістен кейін бәріміз де өкіндік. Бірақ ойыннан кейін біздің қорғаушымыз Гафуржан Сүйімбаевты жазғыру басталды. Бұл дұрыс емес!

Достар, бәрі қателеседі. Кейде ұлы адамдардар шалыс басып жатады. Футбол қателіксіз болмайды. Біздің жігітке қолдау көрсетейік! Барлық кінәні оған артуға болмайды. Біз оның барлық өткен матчтарын ұмыта алмаймыз. Ғафур әрқашан біздің ұлттық құрама үшін күрескен және күреседі!

Бір ойыншы ғана емес, команда жеңеді және ұтылады. Әрдайым! Біз бәріміз осыдан өттік!» - деп жазды Лория өзінің инстаграмында.

Литвадан құтылдық, Беларусьтен тұтылдық. Қазақстан Ұлттар лигасын қалай бастады?