Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шыққаны үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, әйелдер мен ерлер арасында ширек финалға шыққан спортшылардың әрқайсысы 425 мың АҚШ долларын алады.

Егер Юлия Путинцева ширек финалда әлемнің 41-ракеткасы америкалық Дженнифер Брэйдиді жеңіп, жартылай финалға шықса, 800 мың доллар сыйақы алады.

Еске сала кетейік, отандасымыз 1/8 финалда хорватиялық Петра Мартичті жеңген болатын. 2 сағат 30 минутқа созылған кездесу 6:3, 2:6, 6:4 есебімен аяқталған.

Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық спортшы мансабында алғаш рет US Open турнирінің ¼ финалына шығып отыр.

US Open: Путинцева мансабында алғаш рет ширек финалға шықты

Андрей Голубев соңғы үш апта ішінде үш турнирде топ жарды

Джокович мансабындағы 80-титулын жеңіп алды