Қазақстандық теннисші Андрей Голубев уругвайлық Ариэл Бехармен дуэтте Корденонседе (Италия) өткен Челленджер сериясының жұптық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Голубев/Бехар жұбы финалда Андрес Молтени/Уго Ныс дуэтін 7:5, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу барысында қазақстандық және оның серіктесі 1 эйс жасап, үш брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Бір мәрте қайталама қателік жіберді.
Бұл Голубевтің соңғы үш аптадағы үшінші жеңіп алған турнирі. Бұған дейін Андрей мен Ариэл Тода мен Триестедегі турнирлерде жеңіске жеткен болатын.
Комментарии