«Севилья» қақпашысы Серхио Рико ПСЖ-ға ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франция клубы испаниялық қақпашыны 6 миллион еуроға сатып алу опциясын пайдаланды.

27 жастағы қақпашы париждіктермен 2024 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды.

Рико өткен маусымды ПСЖ-да жалда болған еді, ол клубта 10 матч өткізіп, қақпасына 6 гол жіберіп алған.