Португалия капитаны Криштиану Роналду оң саусағына инфекция түсуі себепті жаттығуға қатыспай жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Football Italia хабарлауынша, португалиялықты ара шағып алған.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, Криштианудың бүгін Ұлттар лигасында Хорватияға қарсы алаңға шықпайтыны белгілі болды.

35 жастағы Роналдудың Швеция - Португалия (8 қыркүйек) матчына қатысу-қатыспауы белгісіз.