Франциялық клубтың бас жаттықтырушысы Нико Ковач COVID-19 жұқтырғандардың қатарына қосылды.

L'Équipe хабарлауынша «Монако» бапкерімен қатар, Бенжамен Лекомт та аурудық жұқтырған.

Ойыншы да, жаттықтырушы да оңашада екендігі хабарланды. Оларда аурудың белгілері жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 48 жастағы хорватиялық бапкер осы жылдың шілде айында «Монако» бапкері атанған еді.