«Лилль» футбол клубының орталық қорғаушысы Габриэл Дос Сантос Магальяйнс мансабын «Арсенал» сапында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

Transfermarkt порталының хабарлауынша, лондондық клуб Габриэл үшін 26 миллион еуро төлеген. 22 жастағы бразилиялық ойыншы жаңа командасында 6-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. Айта кетейік, Габриэл өткен маусымда «Лилль» сапында 34 матчқа қатысып, бір гол соқты.