Аргентиналық шабуылшы «қалалықтар» қатарында 2022 жылға дейін қалуы мүмкін.

The Daily Mirror басылымының хабарлауынша, «Манчестер Сити» өзінің шабуылшысы Серхио Агуэроға жаңа келісімшарт ұсынуға дайын. Манчестерлік клуб 32 жастағы аргентиналықты 2022 жылдың жазына дейін өз қатарында қалдыруды жоспарлап отыр.

Агуэро жаңа келісімшарт жасаудан бас тартуы мүмкін.

Өткен маусымда аргентиналық Премьер-Лиганың 24 ойынында 16 голсоғып, 4 нәтижелі пас берген.