Қазақстандық зілтемірші Ибрагим Берсанов Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің халықаралық кубогының 109 келіден жоғары салмақтағы сайысында 6-орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Екі жаттығу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 350 келіні (165+185) еңсерді.

Бірінші орында армениялық Вараздат Лалаян (195-230) еншіледі.

Айта кетейік, турнир онлайн форматта өтті.