Мансабын аяқтаған ауыр атлет Илья Ильин Instagram-парақшасында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың қабылдауында болғанын айтты.

– Бүгін, облыс әкімі Гүлшара Наушайқызы Спорт күніне арналған қабылдауына қатыстым.Гүлшара Наушайқызы, барлығымызды мереке күнімен құттықтап, мені жұмысқа кіріскенімді атап өтіп сәттілік тіледі.

Өңір басшысы барлығын қадағалап отыратындығы қуантып, жұмысты жақсы жасауға ынталандырады!Әрине, жұмыс әлі толық режимде басталған жоқ, бірақ қыркүйекте бастаймыз деп үміттенемін!Мен өз атымнан, барлық әріптестерімді Спорт күні мерекесімен құттықтап, жеңістерге жетелейтін жеңіл жаттығулар тілеймін!

Бапкерлерге - шыдамдылық пен денсаулық, Функционерлерге - спортшылар мен жаттықтырушылардың арасындағы қарым қатынас пен жақсы байланысын үйымдастыруын тілеймін.Спортшылар мен Бапкерлер - спорттымызды жасайтын адамдар, сондықтан біз оларды осы мәселеде барлық жағынан қолдауға тиіспіз!, - деп жазды Илья Ильин.