Қазақстандық зілтемірші Жазира Жаппарқұл Okezone.com басылымының ерекше рейтингіне енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Басылым Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған бес мұсылман әйел тізімін жасаған. Олардың қатарында Жаппарқұл да бар.

«2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Жазира 69 келіге дейінгі салмақта 259 келіні еңсеріп, күміс медаль еншілеген. Енді Жазира Токиодағы Олимпиадада алтын медаль алуға тырысады», - деп жазылған басылым материалында.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы коронавирус пандемиясына байланысы 2021 жылға шегерілген болатын.