«Қайрат» шабуылшысы Вагнер Лав Қазақстан чемпионатының 7-турындағы шымкенттік «Ордабасыға» қарсы матч туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Бүгін тағы бір жеңіс, екі гол соға алғаны үшін өте бақыттымын. Алға, «Қайрат»!, - деп жазды футболшы Instagram-парақшасында.

Бразилиялық легионер «Қайрат» сапында барлық турнирде төрт матчқа қатысып, 4 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанған.